Текст
Бүгін "Арман" мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығының спорт бөлімі "Спорт - өмірімнің бейнесі" деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: педагогтер мен шәкірттердің ынтасын арттыру, еліміздің олимпиада чемпиондарымен таныстыру, тәжірибе алмасу. Іс шараға оқушылардан Асық ату үйірмесінің шәкірті Данагүл Хасенова, туризм спорты бойынша Субботина Мария мен Кирилл Калашников, жеңіл атлетикадан Белов Вячеслав пен Ивкина Милена, қазақ күресінен Жаңалық Айсұлтан және т.б. қатысты. Педагогтерден Матвеева Н.А., Сухопарова И.В., Азербаева Д.Н., Кан З.А., Абылкасов Ж.Б., Жариков В.В., Кононец И.С. Рублевский С.С., Касенов Бахтияр Айтбаевич қатысты.